RU

Бір литр арақтың ең төменгі бағасы енді мың үш жүз теңгеден сатылады

Қазақстанда арақ-шарап өнімдері қымбаттайды. Бұл туралы 31 арна ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Енді бір литр арақтың ең төменгі бағасы мың үш жүз теңге болмақ. Арақ акцизін көтеру жөніндегі жоба қол қойылу қарсаңында тұр.

Сарапшылар арақтың қымбаттауы арзан алкогольге деген сұранысты арттырып жіберетінін айтып отыр. Қазірдің өзінде маскүнемдер дәріханалардан 90 пайыздық этиль спиртін сатып алып жатқан көрінеді.

Оған 2,5 есеге жуық су қосса, арақ болып шыға келеді. Нәтижесінде мұндай ішімдік зауыт өнімінен 2 есеге арзан болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1048003-bir-litr-araqtynh-enh-tomengi-baghasy-end.html