RU

Айзада Авлатарованы ұрлаған таксиші басқа аруларға да қол салған

Айзададан басқа да аруларға қол салған. Алматы облысында бойжеткенді ұрлап ұсталған таксишінің бұған дейін қыз зорлағаны белгілі болды.

Тергеушілер Игорь Токаревтің тағы 16 қылмысқа қатысы барын анықтап отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Онсыз да 4 мәрте сотталған Токаревтің жасаған қылмыстары жетіп артылады екен. Көбі – адам ұрлау, зорлау секілді әрекеттер.

45 жастағы күдікті онымен қоймай талай үйге ұрлыққа түсіпті. Тіпті, тапа-тал түсте кісі тонап артынша ізін суытқан. Мұның бәрі Айзада табылғаннан кейін анықталды.

Токаревтен нақты қанша адамның зәбір көргені әзірге белгісіз. Соның өзінде 16 іс бойынша «күдікті» деп танылып, студент қыздың ісімен қоса сотқа өткелі жатыр.

Естеріңізге салсақ, былтыр желтоқсанда Игорь Токарев көлігімен Айзада Авлатарованы ұрлап әкеткен болатын. Сонда 20 жастағы студентті жұрт бір апта бойы табанынан таусылып іздеген.

Кейін, қыз аман-есен табылып, ата-анасына қайтарылды. Артынан белгілі болғанындай, күдікті қызға арақ ішкізіп, оны көлігінде күштеп ұстап жүріпті.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1048123-ayzada-avlatarovany-urlaghan-taksishi.html