RU

Ғалымдар: Бірге тұратын адамдардың иммунитеттері ұқсас болады

Көп уақыт бойы бірге тұратын адамдардың иммунитеттері ұқсас болады деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы 2-ден 86 жасқа дейінгі 670 адамның қанын зерттеген бельгиялық ғалымдар хабарлады.

Мамандар 54 түрлі иммундық жасушалардың белсенділігін тексерді. Нәтижесінде иммундық жүйе қалпына келе алатынын байқаған. Атап айтқанда, қандай да бір күйзеліске ұшыраған немесе қатты ауырған соң, бірқатар уақыт өте келе адамның иммундық жүйесі алғашқы қалпына келген.

Сонымен қатар, көп уақыт бойы бірге тұрған адамдардың иммунитеттері бір-біріне бейімделіп, ұқсас болатынын байқады.

Аталған зерттеу нәтижелері толығырақ New Scientist ғылыми басылымында көрсетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1048259-ghalymdar-birge-turatyn-adamdardynh-im.html