Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әр елдегі үйлену тойы көйлектері қандай болады?

Опубликовано:

Отбасын құру – әр адамның өміріндегі ең айтулы мерекелердің бірі, әсіресе қыздар үшін. Өздеріңіз білетіндей той алдында барлық қыздар ең алдымен той көйлегіне көп көңіл бөледі. Көп мемлекеттерде қыздар тұрмыс құрарда өздерінің салт-дәстүрлері мен діни сенімдеріне сай ұлттық костюмдерін киеді екен. BAQ.KZ сіздерге жер шарындағы ең әдемі той көйлектеріндегі қалыңдықтардың фотоларын ұсынбақ.

Болгария

Болгар қызы ұлттық той көйлегінде.

Түркия

Түрік қалыңдығы әкесінің үйінен шығып, үйлену тойы салтанатына аттанарда, қыздың ағасы не көкесі беліне ырымдап қызыл бау байлайды. Баудың түсі бақыт, бақ пен пәктіктің белгісін білдіреді.

Шри-Ланка

Шри-Ланка қалыңдығының киімі шығыс және батыстың салт-дәстүрімен ұқсас келеді. Олар сапалы жібек матадан тігелген сари мен Еуропа сәніндегі фатаны киеді. Ал әшекейлеріндегі тастар саны тақ болуы керек, олардың түсінігінше тақ сандар қуаныштың белгісі.

Индонезия

Ал Индонезия жерінде үйлену тойында киетін өздерінің арнайы киімдері бар. Көбіне қыздар ашық түсті, бірақ тігісі өте күрделі көйлектерді киеді.

Пәкістан

Пәкістанда қыздар үйлену тойы салтанатына қанық қызыл, алқызыл және күлгін түсті киімдерді таңдайды. Ал бастарына күйеу жігіт пен қалыңдық бисерден және мақта жібінен жасалған ұлттық гирлянданы киеді.

Үндістан

Үнді қыздары көбіне қызыл түсті ұлттық лехенга-чоли киімін киеді және оны басынан аяғына дейін 16 әшекеймен сәндейді.

Нубия

Нубиялық қалыңдық ашық түсті орамал тағып, бетін жауып тұратын перде және басын жауып тұратын ақ фата киеді.

Эритрея

Дәстүрлі эритрейліктердің той киімінде қара түстес тәж бен алтын кестелі күлгін көйлектер киіледі. Қалыңдықтың киімі міндетті түрде күйеу жігіттің киімімен үйлесуі керек.

Тува Республикасы, Ресей

Тувиндіктердің ұлттық киімі олардың көшпенді халық екендіктерін бейнелейді. Олардың той киімдері, тіпті ат үстінде жүргенге де ыңғайлы.

Тибет

Тибеттік күйеу жігіт тойға бір күн қалғанда өзінің қалыңдығына көйлек пен әшекейлерді алып келеді. Той киімдерінің қатарында бас киіммен қатар, металдан жасалған Будда мүсіні де болады.

Палестина

Палестиналық қалыңдық ресми рәсімге сәнді ақ көйлек киеді, сондай-ақ қызда анасы арнайы той үшін қолдан тігіп берген көйлегі де болуы керек.

Перу

Лима қалыңдықтары қызыл-қара түсті көйлек киеді.

Иордания

Мали

Малида қалыңдық «кафтан» деп аталатын киім киеді және қалыңдық пен күйеу жігіт киімі түсі сәйкес келуі керек. Малилықтар көбіне ақ түсті, кейде күлгін және лаванда түсті киімдерді жиі таңдайды.

Корея

Мыңдаған жылдардан бері Кәріс қалыңдықтары дәстүрлі ханбок киімін киеді.

Жапония

Жапондық қалыңдықтар ақ кимоно мен арнайы жібектен жасалған tsunokakushi бас киімін киеді.

Нигерия

Ирак

Ирактық қалыңдықтар той кезінде киінуден рекорд орнатуда. Олар мерекеде кемпірқосақтың түсіндегі жеті түрлі түсті киімге киінеді. Қызыл түс махаббат пен романтиканың белгісін білдіреді.

Италия

Италияда қалыңдықтар жасыл түсті сәттілік пен бақыт әкеледі деп ырымдап, жасыл көйлек пен әшекейлерді тағады. Бірақ көбіне ақ түсті той көйлегін киеді.

Қазақстан

Елімізде қазақтың әр қызы ұлттық ою-өрнектермен безендірілген ақ көйлек пен сәукеле киеді. Сондай-ақ, ұлттық нақыштағы әшекейлерді де ұмытқан емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1048263-ar-eldegi-uylenu-toyy-koylekteri-qand/

pixel