RU

Отандық әнші Ademi Мәскеуді Алматыдан жақын тартатынын жасырмады

"Новая волна" байқауының күміс жүлдегері, отандық әнші Ademi  Алматыдан гөрі Мәскеуді жақын тартатынын жасырмады. Әншінің ресейлік шоу-бизнестің шыңын бағындырғысы келетін ниеті бар, деп жазады NUR.KZ Comode.kz-ке сілтеме жасап.

"Менде өткен өмірде Мәскеуде тұрған секілді сезім болады. Әрдайым сол қалаға тартып тұрады. Өзімді сонда жайлы сезінем. Ал Алматыға қонаққа келіп тұратын сияқтымын", - дейді Ademi.

Шын есімі Дина Кирова деп аталатын әнші өзінің Ademi деген лақап атының түп төркінін түсіндіріп берді. Бала кезінде әншіні атасы "сары әдемі қыз" деп еркелеткен көрінеді.

Қазірде Ademi-мен еліміздің айтулы продюсерлерінің бірі Ринат Гайсин жұмыс істейді. Әнші ұстазы музыка майталманы екенін мойындай отырып, оның қаталдығына оң қабақ танытады. "Дина әнің сенімді емес, менің көзім жететіндей етіп ән салшы" деген продюсердің сөзі әншіні жігерлендіре түседі.

Сондай-ақ, ел арасында таралған  "Ademi - қалталы адамның ойнасы" деген қауесетке қатысты әнші мұндай сөзді суқаны сүймейтінін айтты.

"Мұндайда жыным ұстайды. Бірақ ондай деңгейге түспеймін. Абыройым бәрінен қымбат. Өтірікті айқындайтын детектордың алдында да жауап бере аламын. Жетістігім көп болмаса да, бәріне өзім қол жеткіздім", - деді әнші алып-қашпа әңгімелер турасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1048313-otandyq-anshi-ademi-maskeudi-almatydan-zhaq.html