RU

$1000-нан қағылған Есентаева "Insta-байқауды" ұйымдастырғанына өкініп қалды (видео)

Осыдан бірер апта бұрын Баян Есентаева әлеуметтік желіде моңғол ұлтты балақайдың әнін қайталай алғандарға $1000 беруге уәде еткен еді. Жеңімпаздарды анықтап, сыйақысын берген продюсер байқау ұйымдастырғанына өкініп қалды.

"Айтылған сөз - атылған оқ. Сыйақыны ескі бағаммен көрсеткеніме шүкір. Әйтпесе қазіргі бағаммен 1000 доллар беруге тура келер еді", - деді Есентаева әзілдеп.

Естеріңізге сала кетсек, біраз уақыт бұрын продюсер Баян Есентаева балақайдың түсініксіз әнін қайталай алғандарға $1000 сыйақы тағайындаған болатын.

Ал бір аптадан соң продюсер бірнеше үміткердің арасынан екі жеңімпазды анықтаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1048361-1000-qaghylghan-esentaeva-insta-bayqaudy-uyymd.html