RU

Ғалым кәдімгі судан бірнеше есе тәуір құрғақ су ойлап тапты

Жаһандық жылымықпен күрес жобасы аясында Ұлыбритания ғалымы өзінің ашқан жаңалығы- ұнтақ түріндегі суды ұсынды деп жазады Қазақпарат.

Оның пікірінше, бұл қоршаған ортаны бүлдірумен күресте тиімді құрал болуы тиіс. Аталған зерттеу жұмысы алғаш рет АҚШ-тағы ғылыми көрмеде көрсетілді. Ол екі компоненттен тұралы: су және кремнезем (кремнийдің оттегімен қосындысы). Екінші компоненттің аздығына қарамастан ( 5% жуық), зат ұнтақ түрінде болып шықты.

Зерттеушілер тобының жетекшісі Бен Картердің айтуынша, «құрғақ су» кәдімгі судан бірнеше есе тәуір. Оның үстіне бірнеше газ түрін бойына сіңіре алады.

Сондай-ақ өзге араластырылмайтын сұйықтықтармен де біріктіруге болады. Яғни, осы жаңалықты қауіпті заттарды тасымалдауда неге қолданбасқа. Бұл қоршаған ортаның қорғауда пайда әкелері сөзсіз, деп жазады billionnews.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1048380-ghalym-qurghaq-su-oylap-tapty.html