RU

Үнді әндерін орындаған теміртаулық қаңғыбас желіде жұлдыз болды

Теміртаулық қаңғыбас YouTube желісінің жаңа жұлдызына айналды. Ер кісі өткен-кеткенге ақша үшін үнді фильмдерінен ән орындап, көпшіліктің назарына іліккен деп хабарлайды NUR.KZ порталы ТТК арнасына сілтеме жасап.

Ер кісіні алғаш болып "Пассаж" дүкенінің маңында тұрған жігіттер видеоға түсірген. Олар қаңғыбас азаматтың қанша ақша берсе де өнер көрсетуге әзір болғанын айтуда. Кейін жігіттер бұл видеоны желіге жүктеп, ер кісі қалада танымал бола бастаған.

Теміртаулықтың не себепті "Диско бишісі" кинофильмінің әндерін ғана орындайтыны белгісіз. Әнді қолымен кез-келген заттың үстіне тоқпақтап отырып орындайтын азамат талайдың көңілінен шыққан сыңайлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1048401-temirtaulyq-qanhghybas-zhelide-zhuldyzgh.html