RU

Ақтөбелік журналист ұсқынсыз көшелерге Назарбаевтың атын беруді ұсынды

Ақтөбелік журналист әкімдікке ұсқынсыз көшелерге Назарбаев атын беруді ұсынды.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Өзін республикалық телеарнада тәжірибелі журналист болдым деп таныстырған «Қазақстан -Ақтөбе» телеарнасының тілшісі қаладағы атауы мағынасыз көшелерге қатысты ойын білдірді.

«Веерная көшесі «Желдеткіш», Солнечный «Күншуақ» деп аударылып жүр. Сонымен қатар, қалада Вокзальный, Цементный, Фестивальная,  Кленовый, Солнечный, Веерная секілді атаулар берілген көшелер бар. Өзіміздің батырларымыз бар. Аталған көшелерге неге солардың атын бермеске? Тіпті, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бір көшені атасақ дұрыс болар еді», - деді «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының тілшісі Гүлбағда Көбеева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1048691-aqtobelik-zhurnalist-usqynsyz-koshele.html