RU

Алматыдағы гипермаркетте Бауыржан Бәйбек президент үшін ақшасын төлемек болды (видео)

Қазақстан президенті отандық тауарды қолдауда тағы да үлгі болды. Нұрсұлтан Назарбаев Алматы гипермаркеттерінің бірінде Қазақстанда өндірілген азық-түліктерді сатып алды деп хабарлайды NUR.KZ порталы "Хабар" арнасына сілтеме жасап.

Бұл дүкенде тауарлардың жартысына дерлігі - отандық өнімдер. Тауарды жеткізушілердің 130-ы - Алматы және Алматы облысының фермерлері.

Президент нан, сүт, сүзбе, ірімшік және тосап сатып алды.

Мемлекет басшысы Алматыға келіп, қаланы өркендету туралы кеңес ұйымдастырды.

Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға іссапары барысында бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, қаланың жалпы экономикалық ахуалымен танысты. Президент «Гранд парк Алматы» сауда орталығының жаңа ғимаратында болып, ұсынылған отандық өнімдерді көріп шықты.

Президент сондай-ақ азық-түліктің қайсысы сапалы, қайсысы пайдалы деген дүниелерді жақсы ажырата алматынын көрсетті. Айта кетсек, кассада ақшасын төлемек болғанда қолындағы ақшасы жетпей қала жаздап, қала әкімі Бауыржан Байбек қоспақ болды.

Еліміздегі 500-ден аса компаниямен жұмыс істейтін Carrefour гипермаркетінде саудаға шығарылған өнімдердің  50 пайызы –  қазақстандық. 8 мың шаршы метр алаңда 30 мың аталымдағы тауарлар қойылған. Ал инвестицияның жалпы көлемі – 5 миллиард теңге. Сапар барысында мемлекет басшысы қазақстандық тауардың сапасына жоғары баға беріп, өзі де отандық өнімді сатып алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1048709-nazarbaevtynh-almatydaghy-gipermarket.html