RU

Денис Тен жарақатына байланысты ірі әлемдік жарысқа қатыспайтын болды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочидегі Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен жарақатына байланысты Төрт құрлық чемпионатына қатыса алмайды.

Бұл туралы спортшының ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми тобында хабарланды, ресми ақпаратты сондай-ақ Твиттерде жарыстың ұйымдастырушылары да орналастырды деп хабарлайды деп жазады Қазақпарат.

Төрт құрлық чемпионаты - Америка, Азия, Африка және Мұхит елдері арасынан Австралия мәнерлеп сырғанаушылары арасында өтетін жарыс. Жарыс 2016 жылдың 16-21 ақпан күндері Тайбэйде өтпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1048710-denis-ten-zharaqatyna-baylanysty-iri.html