RU

Ғаділбек "Ханшайымым" әні ұрланған дегендерге өз жауабын берді

Ғаділбектің хитқа айналған «Ханшайымым» әнінің әлеуметтік желілерде армян әншісі Рипсимэ Акопяннан ұрлағаны туралы сыбыс шықты. Осы орайда stan.kz тілшісі әншімен тілдескен еді.

"Әннің бірінші шумағы ұқсайды дегенді естідім. Күніне қаншама ән шығып жатыр, кім біледі, естіген ән болуы да мүмкін, сондықтан ұқсап кетіп жатады кейде. Алайда, сондай аумайтын нәрсе емес енді, кейбір келетін аккордтары бар екен. Бір – біріне ұқсайтын әндер көп қой”, – деп қысқа қайырды Ғаділбек.

Айта кетейік, әнші жақында ғана осы әнге бейнебаян түсірді. Көрерменге 1-2 айдың көлемінде жол тартатын туындыда Ғаділбектің жақын досының жары басты рөлді сомдайды. Неге өзіңіздің жұбайыңызды түсірмедіңіз дегенге әнші «Ол ондай нәрсеге құмар емес. Үйдің, жанұяның адамы» деді.

Ал бейнебаянда қазақ қызының инабаттылығы мен ибалылығы, үлкенге құрметі, кішіге ізеттілігі көрсетіледі.

"Қазір неше түрлі нашар дүниелер, атыс-шабыс, өлім деген нәрселер халықтың кішкене жүрегін ауыртып жатқан  заман болып тұр. Осындай кезеңде адамның жүрегіне жылылық ұялататын, ұлттық салт-дәстүрімізді көрсететін дүние түсірдік. Отбасы құндылығын, қазақилықты, келіннің ата-енеге құрметін, жарына деген сезімін, аналық мейрімін, келіндік инабаттылығын көрсетуге тырыстық", – деді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, әнші бұл туындыны өзінің жарына арнап шығарған болатын. Бұған дейін желіде әннің ұрланғанын дәлелдеу үшін түпнұсқасын белсенділер  жариялаған болатын.

Біраз уақыт бұрын Ғаділбек пен армян әншісінің туындысын көрерменнің назарына ұсынған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1048711-ghadilbek-khanshayymym-ani-urlanghan-deg.html