RU

Қисса-дастандарды​ тоқтамай жатқа айтатын қария немересін де өнерге баулуда

Қытайға қарасты Алтай аймағы Буыршын ауданында тұратын Батырбек Мамұқұлы қисса-дастандарды жатқа айтады. Бұл күнде көшпенділерге тән көне қасиет иелері аз екенін ескерсек, Батырбек ақсақалдың біз үшін қымбат екені даусыз деп жазады baq.kz.

Дастаншы қарт Буыршынның Қостық ауылы, Жиделі қыстағын мекен етеді. Ол дастанды 13 жасынан бастап нағашысы Ыбырай деген кісіден үйренген екен. Қария 20-дан астам дастанды жатқа біледі. Кейде апта бойы, тіпті жарты айға дейін дастан айтып, таңды-таңға ұратын кездері бар. Халықтың той-қызықтарында Батырбек дастаншыны арнайы қолқалап шақыру дәстүрге айналған.

Алпысқа келген қария өнерін тұл қалдырмай, немересі Тілебалдыға да үйретіп жүр. 8 жастағы бала 4 дастанды жаттап алған. Орайы келсе үлкен сахнаға шығып, өнерін елге танытсам деген арманы бар. Ал дастаншы қарттың ойлайтыны – осы бір қасиетті өнерді үзіп алмай, жастарды қисса-дастан айтуға тәрбиелеп, ұлттық дәстүрдің ұлық сипатын сақтап қалу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1048829-qissa-dastandardy-toqtamay-zhatqa-ay.html