RU

Ди Каприо Моңғолия жерінде көшпенділерше өмір сүреді

Голливуд актері Леонардо Ди Каприо моңғол жеріне сапар шегеді. Он күндік саяхат кезінде Ди Каприо өзін физикалық және психологиялық тұрғыдан әбден сынамақ, деп хабарлайды 24.kz The Telegraph дереккөзіне сүйеніп.

Сапар барысында актер бүркітшілермен аңға шығып, көшпенділердің арасында өмір сүріп, нағыз киіз үйде тұрады. Мұнымен қоса, ол көздеген жеріне дейінгі жолдың жартысын ат үстінде өткізеді.

Сондай-ақ ол осы жерде өмірінде алғаш рет қымыздың дәмін татып көреді екен. Саяхат кезінде моңғол жеріндегі Хубсугул өзенінің маңына тоқтайтын 41 жастағы актердің жолсерігі атақты швед зерттеушісі Йохан Эрнст Нильсон болады. Әртіс осы мақсатқа 95 мың доллар жұмсауды көздейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1048843-di-kaprio-monhgholiya-zherinde-koshpendil.html