RU

Астанада 19 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

Астанада 3 ақпан күні 19 жастағы Қазбекова Гүлшат Абылайқызы жоғалып кетті. Бойжеткен ертесімен жұмысқа кетіп, қайтып оралмаған. Бұл туралы NUR.KZ редакциясына жоғалған қыздың жақындары хабарлады.

Хабарсыз кеткен бойжеткеннің әпкесі Гүлшаттың "Инфинити" тұрғын үй кешенінде тұрып келгенін мәлімдеді. 3 ақпан күні таңғы 7:00-де бойжеткен жұмысқа шығып, қайтып оралмаған.

"Гүлшат - өте мейірімді әрі аңқау адам. Өзім де бұл туралы кеш білгеніме қатты өкінемін. Ол туысқандарымыздың үйінде тұрып келді. Ал туысқандарымыз әлеуметтік желіні қолданбайды, сол себепті арызды полицейлерге берген. Ал олар іздейміз деп жауап қайтарған. Қайғылы тәжірибеден интернет арқылы ел болып іздегеннің жақсырақ нәтиже беретінін білеміз, сол себептен бірден жазба қалдырдық", - деп жазады бойжеткеннің туысқаны.

Жоғалған қыздың белгілері: бойы - 168-170 см, дене бітімі шыныққан. Хабарсыз кетерде қара пальто, сұр малақай және қою көк аяқ киім киген.

Гүлшаттың қай жерде екенінен хабардар кез-келген адам бойжеткеннің жақындарына келесі байланыс нөмірі арқылы хабарласа алады: 8 775 103 66 83, 8 777 265 04 73 (Гүлшаттың анасы), 8 702 487 60 22 (ағасы).

Еске салсақ, бұған дейін 23 жастағы студент Ерасыл Әубәкіровтің хабарсыз кетіп, кейін мәйіті табылғаны Астана мен Қазақстан тұрғындарына ауыр тиген болатын.

Жігіт те Астанада 3 ақпан күні жоғалған. Оның денесі бір аптадан кейін табылды. Жас жігіт үйінен "тірлігім бар" деп шығып кетіп, қайта оралмаған. Ерасыл көп ұзамай өлі күйінде табылды.

Туыстары оның мәйітін табуға Әзірбайжан экстрасенсі Кямран Самедов көмектескенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1048884-astanada-zhas-boyzhetken-zhoghalyp-ketti.html