RU

Назарбаевтың тіл туралы мәлімдемесінен соң ІІМ Facebook-тағы атауын орысшаға ауыстырды

Күні кеше Алматыдағы Универсиада нысандарының құрылысымен танысқан мемлекет басшысы іс-шара соңындағы жиында тіл мәселесіне ерекше тоқталып өткен болатын деп жазады skifnews.kz.

Елбасы орыс тілінде өтінім бергендерге қазақша жауап беретін қызметкерлер жұмыстан қуылу керек деген ойын білдірді.

Президенттің бұл сөзі әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатқанда, ҚР Ішкі істер министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасы өз атауын қазақшадан дереу орысшаға алмастырды.

Ведомство өкілдерінің бұл қадамы елбасының кешегі сөзімен қаншалықты байланысты екені белгісіз.

Айта кетейік, бүгін Ақорданың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Назарбаевтың осы айтқанына баланысты түсінік берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1048932-nazarbaevtynh-til-turaly-malimdemesi.html