RU

Қаскелеңде қыс ортасында жаңадан босанған әйелдерді кезекке тұрғызып қойды

Желіде аязда кезек күтіп тұрған жаңа босанған аналардың видеосы жарияланды.

Мархабат Өмішева есімді қолданушы Facebook-тағы парақшасына жаңадан босанған аналардың суықта кезек күтіп тұрғанын жариялаған деп жазады За тебя Баке тобы.

Ол бұл көрініс Қаскелеңдегі перзентханада екенін көрсеткен.

"Міне, қараңыздар! Бұл адамгершілікке жата ма? Операциядан шыққан, босанған әйелдердің барлығын флюрографияға түсіру үшін қыс ортасында далада күттіріп қойды", - деп жазған видео авторы.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1049028-qaskelenhde-qys-ortasynda-zhanhadan-bos.html