RU

АҚШ әлемдегі ешбір елде жоқ жойғыш ұшақтарын Оңтүстік Кореяға жіберіп жатыр

Оңтүстік Кореяға 4 америкалық Ф-22 әскери ұшағы жеткізілді. Бұл жөнінде Рёнхап агенттігі хабарлады деп жазады Хабар арнасының ресми сайты.

Америкалық ұшақтар Кёнгидо өлкесіндегі АҚШ әскери базасының үстінен ұшып өткен. Жойғыш ұшақтың бұл түрі Құрама штаттардан өзге бір де бір елде жоқ.

Солтүстік Корея 6 қаңтарда сутегі бомбасын сынақтан өткізгенін мәлімдегеннен кейін, Вашингтон Оңтүстік Корея аумағына біртіндеп әскери техникаларын тасымалдауды бастаған еді.

Корей түбегінің оңтүстігіне алдымен В-52 бомбалаушысы, кейіннен әскери кеме жеткізілген болатын. Енді бұл техниканың қатарына жойғыш ұшақтар қосылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1049127-aqsh-alemdegi-eshbir-elde-zhoq-zhoyghysh-usha.html