Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқтар Серік: Егіз ұлым туылғалы үйкүшік болдым

Опубликовано:

Халықтың батасы мен ыстық ықыласына бөленген ел еркелері Тоқтар Серік пен Бейбіт Сейдуәлиева сахнадан сирек көрініп жүр. Өткен жылы егіз ұлдың ата-анасы болған жұлдызды отбасы бүгінгі тіршілігі жайында "Жаңа күн" бағдарламасында әңгіме өрбітті.

Тоқтар ер азаматтың бала тәрбиесіндегі рөлін айта келе, Әлинұр мен Сағинұр есімді сәбилерін жұбайы Бейбітпен бірге қарайтынын сөз етті.

"Егіз ұлым дүниеге келгелі үйкүшік бодым. Қатты жақсы көргеннен бе, ұйқымның бәрін қиям солар үшін", - дейді отағасы ұлдары жайлы.

Тоқтардың пайымынша, бала тәрбиесі иісі қазаққа керек нәрсе. Сондықтан әнші ұлдарының тәлім-тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі.

Тоқтар әндерінің көпшілігін жары Бейбітке ұсынады екен. Бірақ соңғы "Сағынғаным-ай"әнін Мейрамбек Беспаевқа арнап жазыпты.

"Әндерімнің көбісі Бейбіттен аспай қалады. Екеуіміздің дуэт болып орындап жүрген әндеріміздің бәрі менікі. Ернар Айдар да бір ән сұрап жүр. Өз әнім өзіме қатты ұнай бермейді. Бірақ басқаларға ұнап жатыр", - деді әнші шығармашылығымен бөлісіп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1049457-toqtar-serik-egiz-ulym-tuylghaly-uykush/

pixel