Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытқожа Ізмұхамбетов атыраулық кәсіпкерге риза болып қалды

Опубликовано:

Бүгін Атырау облысының әкімі Бақытқожа Ізмұханбетов халық алдында есеп беріп жатыр. Халықтың әлеуметтік жағына баса көңіл аударған әкім тұрмысы төмен отбасыларды қамқорлыққа алуға шақырды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Облыс әкімінің ұсынысын қолдаған жергілікті кәсіпкер Мұрат Сарманов әлеуметтік әлжуаз екі отбасын өз қамқорлығына алуға дайын екенін айтты.

«Қоғам «не алам емес, не берем» дейтін адамдарға мұқтаж. Барлық аудан әкімдеріне, ауыл-аудандарда Сарманов сияқты жігіттерге ой салуды тапсырдым. Қазір Сарманов бастамасына облыстың 98 кәсіпкері қосылып, 1154 мүшесі бар әлеуметтік әлжуаз 255 отбасын қамқорлықтарына алды», - деді облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Геологтар мәдениет үйінде өткен жылдық есеп беру жиынында облыс әкімі әлеуметтік сауда нүктелері туралы да айтып кетті.

«Облыстағы 139 дүкеннен әлеуметтік сауда нүктелері ашылды. Мұқтаж жандарға азық-түлікті 10-50 пайыз аралығында жеңілдікпен сатылады. Бұл әлеуметтік сауда нүктелері 3 мыңға жуық адамға қызмет етіп отыр», - деді облыс әкімі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1051248-baqytqozha-izmukhambetov-atyraulyq-ka/

pixel