RU

АҚШ доллары 350 теңгеден төмендеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Нәтижесінде теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы $1 доллар үшін 348,83 теңге болды деп хабарлайды ҚазТАГ.

Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы 3,02 теңгеге түсті.

KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін 348 - 349,3 теңге аралығында тұрақтады.

Сауда-саттық көлемі $202,3 млн болып, жасалған мәміле 163 болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1053849-aqsh-dollary-350-tenhgeden-tomendedi.html