RU

Жамалиевтің тоқалы Айнұр Исина көйлек сатып жатыр

Танымал кәсіпкерлердің қатарынан көрініп жүріп, кейін істі болып, 13 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Жамалиевтің тоқалы Айнұр Исина көйлек сатуға мәжбүр болды, деп жазады Корреспондент басылымы.

Айнұр Исина бұл әрекеті арқылы  қатерлі дертке шалдыққан кішкентай ғана Амелия есімді бүлдіршінге көмек беруді көздеген. Ол өзінің инстаграмдағы парақшасында Jovani атты атақты брендтің жұлдызды көйлегін сатылымға шығарды. Сатылым аукцион әдісі бойынша жүргізілген.

«Бұл көйлек аталған брендтің ең танымал көйлектерінің бірі.  Көйлектегі торлар Swarovski тастарымен көмкерілген. Оны киген сіз ортаның назарында боласыз. Сондай-ақ, бұл киімді алған сіз оған жұмсаған ақшаға кішкентай ғана Амелияның өмірмен күресіне жұмсағаныңызды білесіз! Бер рет қана киілген. Мөлшері –S. Арнайы сайтта көйлек бағасы 800-900 АҚШ доллары. Сатылымға шығарылған көйлектің құнын өздеріңіз белгілейсіздер. Ол қаржы Амелияға көмек ретінде аударылады. Ақшаны бүлдіршіннің шотына аударыңыздар, сосын маған чекті жіберіңіз. Айырбас ретінде мен көйлекті беремін. Лоттың жарамдылық мерзімі тек бір күн ғана», - деп жазған Исина ханым.

Осы сәттен соң тоқалдың әрекетіне риза болған оқырмандарының ішінде қымбат тұратын көйлекті 37 мың теңгеге сатып алуға ниет еткен адам табылды. Мұнан соң жазба авторы аукционның жабық екенін ресми түрде жариялаған.

Естеріңізге сала кетейік,  Айнұр Исинаның есімі астаналық Әліби Жұмағұловты аяусыз ұрып-соғып, ақша бопсалағаны үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылған Қайрат Жамалиевтің тоқалы ретінде көпшілікке таныс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1054098-zhamalievtinh-toqaly-aynur-isina-koyle.html