Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда 8 жасар бала кәріз құдығына құлап кетті

Опубликовано:

Теміртауда үйінің маңында ойнап жүрген 8 жасар бала кәріз құдығына құлап, батып кете жаздады, деп хабарлайды BNews.kz.

Екінші сынып оқушысы Дияс Қыдырбаев алтыншы шағын аудандағы үй маңында достарымен бірге ойнап жүріп, ашық жатқан құдыққа құлап түсті. Абырай болғанда, баланы әкесі құтқарып үлгерді.

«Бір минутқа кешіксем, баламнан айырылып қалар едім. Ондай құдыққа бала түгіл ересек адамның өзі батып кетеді. Тереңдігі 2,5 метрге барады»,- деді баланың әкесі Жеңісбек Омарбеков.

Дияс Қыдырбаев 5 минутқа жуық уақыт суда болды. Денесі мұздаған бала дереу қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оқушының беті бері қарап келеді.

Диястың ата-анасы полицияға шағым түсіріп, қаладағы барлық кәріз құдығын жауып тастауды сұрайтындарын айтты. Оқиға орын алған жердегі құдық тас, құммен толтырылып, жабылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1054334-temirtauda-8-zhasar-bala-kariz-qudyghyna/

pixel