RU

ОҚО-да жоғалып кеткен 6 жасар бала аман-есен табылды

Өткен аптаның аяғында жоғалып кеткен Мұхаммед Қамшыбек табылды деп хабарлайды ОҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Бала табылды. Оның 1956 жылғы туылған әйел Арыс қаласына алып кеткен. Толық ақпарат кейін беріледі. Біз оны фотороботтың көмегімен таптық", - дейді ОҚО-ның ІІД баспасөз қызметі.

Бала аман-есен. Полицейлер оны ата-анасына табыстады. Бүгінде Мұхаммедтің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Еске сала кетейік, түс кезінде мектептен шыққан 6 жасар Мұхаммед Қамшыбекті бейтаныс әйел өзімен бірге аудан орталығына алып кетіп, содан бері бала із-түссіз жоғалып кеткен болатын.

Кейін баланы бейтаныс әйелмен бірге ауданға жеткізген такси жүргізушісі бала ұрлаушының фотороботын жасауға көмектескен еді.

Ал оқушының ата-анасы мен туыстары баланың аман-есен оралуын тілеп, көпшіліктен көмек сұраған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1054493-oqo-da-zhoghalyp-ketken-6-zhasar-bala-tabyl.html