Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жылдың ең нашар фильмі мен ең нашар актерлері анықталды

Опубликовано:

АҚШ-та «Алтын таңқурай» антисыйлығының жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы Eonline.com хабарлайды деп жазады 24.kz.

Айта кетейік, аталған марапат киноматограф саласындағы ең нашар туындыларға беріледі. Биылғының ең нашар фильмі номинациясын «Сұр түстің 50 реңі» және «Фантастикалық төрттік» киноленталары алды.

«Сұр түстің 50 реңі» фильмі марапаттар бойынша бірауыздан көшбасшы тізгініне ие болды. Себебі фильм «Ең нашар фильм» және «Ең нашар сценарий» сыйлықтарын алды. Ал басты рөлдегі Дакота Джонсон мен Джейми Дорнан да биылғының ең нашар актерлері деп танылды.

Ал «Фантастикалық төрттік» боевигі жылдың ең нашар фильмі атанды. Ол «Ең нашар ремейк, сиквел немесе плагиат» номинациясында топ жарды. Сондай-ақ картинаның авторы – Джош Трэнк те жылдың нашар режиссері атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1058704-zhyldynh-enh-nashar-filmi-men-enh-nashar-akt/

pixel