Выйти
RU

Америкадағы қайғылы оқиғадан кейін Қазақстан шетелдіктерге бала берудің талабын күшейткелі отыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Америкалық әйел асырап алып, күні кеше өгей әкелері атып өлтірген Тимур Көктиев пен Дамир Әбдірахманов туралы Қазақстанның Білім министрлігіне соңғы рет 2003 жылы ақпарат келген.

Содан бері қазақ балалры туралы ешкім есеп бермепті. Өйткені АҚШ-та азаматтардың отбасы жайлы жеке мәлімет құпия боп саналады екен деп хабарлайды КТК арнасы.

"Жалпы АҚШ-ты айтатын болсақ, 6609 бала асырап алынған болатын. Бұл 1999 жылдан 2012 жылға дейінгі асырап алынған балалардың саны. Оның ішінде 687-не есептер түспеген болатын. Қазір СІМ бірлесіп жұмыс жасағанның арқасында 437 баланың есебі келіп түсті, енді 236 баланың есебін талап етіп, жұмыс істеп  жатырмыз", - дейді Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Забира Оразалиева.

АҚШ-тағы асырап алынған қазақ балаларына қатысты бұған дейін де шу шыққан еді. Тағы бір америкалық отбасы қазақстандық екі бүлдіршінді бауырына басып, кейін оларды тәртібі қиын жасөспірімдер лагеріне өткізіп жіберген. Содан бері, яғни 2012 жылдан  елімізде АҚШ азаматтарына бала беруге тыйым салынған.

"Америкада болған қайғылы оқиғаға жанымыз ауырып отыр. Бірақ біз басқа балалардың болашағына балта шаппауымыз тиіс. Өйткені, заң бойынша шетелдік азаматтар тек жерлестеріміз керек қылмаған бүлдіршіндерді ғана асырап алады. Әсіресе бұл ауру балаларға қатысты", - дейді “Ұлағатты жанұя” қоғамдық қорының президенті Марианна Гурина.

Жалпы қазір 20 мыңға жуық қазақ баласы шетелдік отбасыларда тәрбиеленуде. Әсіресе біздің қаракөздерге АҚШ пен Испания азаматтары  құмар екен. Ал елімізде әлі тағы 9 мыңға жуық бала жетімдер үйінде тұрады.

Ал Вашингтон штатында қаза болған Тимур мен Дамир Қазақстанның азаматтары. Жасөспірімдер әлі кәмелеттік жасқа толмағандықтан азаматтықтарын өзгертпеген. Сондықтан олардың өліміне қатысты қылмысты тек америкалық полицейлер емес, біздің де құқық қорғау орындары да бақылауда ұстайтын болады. Ал Білім министрлігі осы оқиғадан кейін  шетелге бала беру талабын тағы күшейтеміз деп отыр.

Еске сала кетсек, америкалық әйел Қазақстаннан асырап алған 16 және 18 жастағы Тимур мен Дамирді өгей әкелері атып өлтірген. Қайғылы оқиға АҚШ-тың Вашингтон штатында болды. 51 жастағы Дэвид Кэмпбелл үйінде әйелі Лана Карлсонды Қазақстаннан асырап алған екі ұлымен қоса қырып салған. Сосын ол сыртқа шығып, өзіне де қол салған. Марқұм әйел Тимур Көктиев пен Дамир Әбдірахмановты 14 жыл бұрын Ақмола облысы  Щучье қаласындағы балалар үйінен алып кеткен екен. Ол кезде Көкшетауда туған Тимур 5 жаста, ал Дамир 3-те болған. Ал балалардан ата-аналары сәби кезінде бас тартқан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Америкадағы қайғылы оқиғадан кейін Қазақстан шетелдіктерге бала берудің талабын күшейткелі отыр