Выйти
RU

Жамбыл облысында сәбиін әжетханаға туып тастап кеткен әйелдің ақыл-есі дұрыс болып шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында сәбиін әжетханаға туып тастап кеткен әйелдің ақыл-есі дұрыс деп танылды. Демек, қатыгез келіншек заң аясында тиісті жазасын алуы керек. Қазір кепіл ақымен босатылған 21 жастағы әйел өз үйінде деп хабарлайды КТК арнасы.

Оның психикалық ауытқушылығы жоқ делінгенімен, тергеушілер тағы сот-медициналық және биологиялық сараптаманың қорытындысын күтуде.

Естеріңізге салсақ, биыл 3-ші қаңтарда күре жолдың бойындағы әжетханадан жаңа туған бала табылған еді. Артынша көкек ана ұсталды. Сондай-ақ, осы өңірде жаңа туылған жиенін көлік терезесінен лақтырып жіберген адамның да ақыл-есінің дұрыстығы Алматыда тексерілмек. 53 жастағы әйел бір ай бойы өңірдегі жүйке аурулары диспансеріне қаралған. Сот-психиатриялық сараптамасы Бақыткүл Байсеңгерееваның бойынан күйзеліс пен кей ауытқушылықтарды анықтапты. Оған нақты көз жеткізу үшін арнайы орталыққа жіберу керек деген шешім шығарылған.

Байсеңгерееваның психикалық жай-күйі анықтамағандықтан қылмыстық іс әлі сотқа жолданған жоқ. Егер оның ақыл есінің кемістігі бары расталса, қылмыстық жауапқа тартылмайды. Дегенмен сот шешімен мәжбүрлеп емделуге жіберіледі", - дейді Жамбыл облыстық прокуратурасының екінші басқарма прокуроры Болат  Мұстафаев.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жамбыл облысында сәбиін әжетханаға туып тастап кеткен әйелдің ақыл-есі дұрыс болып шықты