Выйти
RU

Қазақстан Ресейге зымыран тасығыштарының қалдықтарын түсіру үшін 100 мың га жер бермек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қостанай облысының 100 мың гектар жері Ресей зымыран тасығыштарының қалдықтарын түсіру үшін берілуі мүмкін.

Көзделген территорияға Торғайға қарасты алып аумақтың бір бөлігі, тіпті ерекше қорғауға алынған "Алтын дала" аймағы кіріп кеткен деп хабарлайды 31 арна.

Резервтегі аумақтың көлемі 500 мың шаршы шақырым. 2012 жылы киіктер өсіп- өніп, жайылатын мекен ретінде құрылған. Әзірге бірде бір құзырлы мекеме ресми жауап берген жоқ. Тек  ғаламтор беттерінде жергілікті билік өкілдері аумақ сортаң жер болғандықтан берілуге дайындалып жатқанын айтқан ақпарат қана бар.

Ал жер беру мәселесі көтерілген Қостанай облысы әкімдігінің  табиғат ресурстары және табиғатты пайдалану басқармасының құжатын Facebook желісінің қолданушысы Жолымбет Мәкіш есімді азамат жария еткен. Ақшығанақ ауылының маңында екі жыл бұрын дәл осындай мақсатта 40 мың гектар жер берілген.

Айта кетейік, 2015 жылдың 12 мамырынан бастап еліміздің үш өңірінде-Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстарында ақбөкендер жаппай қырылған болатын. Алдын-ала болжам бойынша, киелі жануар саналатын киіктер постереллез дертінен өлді делінген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан Ресейге зымыран тасығыштарының қалдықтарын түсіру үшін 100 мың га жер бермек