Выйти
RU

Кейт Уинслет Ди Каприоның «Оскарына» қатты қуанып, көз жасына ерік берді (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Актер Леонардо Ди Каприоның «Титаник» фильміндегі әріптесі Кейт Уинслет жақын досы өзінің алтын мәрте жасаған талпынысында ақыры «Оскарға» қол жеткізгенін көргенде, қуанғаннан көз жасын ұстап тұра алмады.

Бұл туралы bild газетінің ақпарына жүгінген ras.kz хабарлады.

«Тебіренгіш Кейт Уинслет Ди Каприоның «Оскарына» лауреаттың өзінен бетер қуанды», – деп жазады басылым.

Биыл Лос-Анджелесте аталмыш тартуды табыс ету 88-ші мәрте өтті. Ол Астана уақытымен сағат 06:30-да Голливудтегі «Долби» театрында басталды. Салтанатты рәсімді АВС телекомпаниясы әлемнің 225 еліне трансляция жасады. Шараны Крис Рок жүргізді.

Алғашқы мүсіндерді «Жұрт назарында» және «Төмендетуге арналған ойын» деген картиналар алды. Олар «Үздік сценарий» жүлдесіне ие болды. Екеуі де өмірде нақтылы болған оқиғалар туралы сыр шертеді.

Ал «Оскар» салтанатының басты жүлдесі – үздік ер адам роліне берілетін сыйлық Ди Каприоға тапсырылды. Ол мұны «Тірі қалған» деген фильмдегі аңшы Хью Гласстың ролін сомдағаны үшін алды.

Ди Каприо бұған дейін «Алтын глобусты» 3 рет, ал BAFTA сыйлығын 1 мәрте жеңіп алған. Сондай-ақ бір сапар Берлин кинофестивалінде «Күміс аю» жүлдесіне қол жеткізген.

Қазір әлеуметтік желілерде Ди Каприоның алғыс сезімін білдірген сөздерінен үзінділер көрсетіліп жатыр. Сонда кадрдың бір шетінен белгілі актрисаның бейнесі де жарқ етіп түседі. Оларда саусақтарын бір-бірімен айқастырып алған Кейттің жиі кеуде кере дем алып отырғаны, көзіне жас толып тұрғаны, ал ерні болар-болмас күлімсіреп, Ди Каприоның сөздеріне жауап қайтарып отырғаны көрініп қалуда.

Леонардо Ди Каприо мен Кейт Уинслет 1998 жылы

Олар енді «Оскар-2016»-ның қызыл жолағында

Кейт пен Лео 1997 жылы шығып, культтік фильмге айналған «Титаникте» басты рольдерді сомдаған еді. Олар картианада ғашықтар болып ойнаса, өмірде өте жақсы, нағыз достар болып қалды.

2008 жылы қос актер Сэм Мендестің «Үзілістер жолы» деген мелодрамасына бірге түсті. Фильм «Алтын глобусты» алғанымен, даңқы жағынан «Титаниктен» көп қалып қойды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Кейт Уинслет Ди Каприоның «Оскарына» қатты қуанып, көз жасына ерік берді (фото)