Выйти
RU

Қазақстандағы ең қымбат футболшылар анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматылық «Қайрат» футбол командасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан мен «Астана» футболшысы Дмитрий Шомко Қазақстандағы ең қымбат  топ 5 ойыншының қатарына енді деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасап baistars.kz.

Ең қымбат футболшылардың көшін «Астана» футбол командасының ойыншысы Неманья Максимович бастап тұр. Екінші  орында «Қайрат» командасы сапындағы Жерар Гоу болса, үшінші сатыда Гоудың командаласы Рохер Каньяс көрінді.

Ал «Қайраттық» Исаэл үздік төрттікте. Бесінші орынды үш бірдей аяқдоп шеберлері бөліп алды. Олар Бауыржан Исламхан, Дмитрий Шомко мен Филип Касалица.

Неманья Максимович — 2 миллион евро

Жерар Гоу — 1,8 миллион евро.

Рохер Каньяс — 1,5 миллион евро

Исаэл — 1,2 миллион евро.

Бауыржан Исламхан, Дмитрий Шомко, Филип Касалица — 1 миллион евро

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандағы ең қымбат футболшылар анықталды