Выйти
RU

ОҚО-да мас жүргізушінің кесірінен аяғы жұлынып кеткен бүлдіршін өлім аузында жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстанда мас жүргізуші жол жиегінде кетіп бара жатқан бір топ баланы көлігімен қағып кетіп, салдарынан бір жарым жастағы Мәлік есімді бүлдіршіннің аяғы сол жерде жұлынып кеткен еді.

Жол апатынан зардап шеккен Мәліктің хәлі болса тым ауыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Арнайы аппаратпен қана демалып жатыр. Облыстан мамандар шақырып, бір сағаттан астам ота жасаған дәрігерлер бала қанның үштен бірін жоғалтқанын айтады. Тіпті, тәжірибелі хирургтардың өзі баланың тірі қалғанына шүкіршілік ету керек дейді.

"Оң аяғының тізеден төмен қарай жоқ. Балтырының терісі сырылып түсіп қалған. Сол аяғы сынған. Кейін миы қозғалған. Баланың жағдайы өте ауыр. Қан жоғалтқаны соншалықты үлкен тамыры үзіліп кеткен", - дейді Ордабасы аудандық орталық ауруханасының бөлім меңгерушісі Намаз Құдайбергенов.

Еске сала кетсек, Оңтүстік Қазақстанда мас жүргізуші жол жиегінде кетіп бара жатқан бір топ баланы көлігімен қағып кетті. Сұмдық жағдай Ордабасы ауданына қарасты Шұбарсу ауылында болған. Куәгерлердің айтуынша, ауыл ішінде жарысқан екі көліктің бірі басып озбақшы болғанда жол жиегіндегі балаларға соғылған. Салдарынан бір жарым жастағы Мәлік есімді бүлдіршіннің аяғы сол жерде жұлыныпты. Араққа тойып алып, көлікпен жарысқандар жол апатынан соң сол жерге жиналғандармен төбелес шығарған.

Оқиға кешкі сағат 7-лер шамасыда Шұбарсу ауылында болған. Онсыз да тар көшемен жүйткіген қос көлік жоғары жылдамдықпен бір-бірімен жарысып келе жатыпты. Осы сәт жолдың қарсы бетінде бір топ бүлдіршін үйіне қарай бет алған. Көліктің бірі екіншісінен басып озғысы келген болуы керек жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, нақ сол бүлдіршіндерге барып соғылған. Қанды оқиғаның айғағы ретінде қабырғада қан іздері әлі тұр.

Көлік қаққандардың арасында Мерей Ақнұрова да болған. Іні-сіңлілерімен дүкеннен шығып келе жатқанда жүйткіген автокөлік інісі Мәлікті қабырғаға жаншып тастапты. Қалғаны жеңіл жарақатпен аман қалған. Көлік ішінде болған төртеудің екеуі апаттан соң ауыл ішіне тығылып үлгерсе, тағы екеуі шығып, балаларға дүрсе қоя берген. Ал ара түскен жұртқа жұдырық жұмсаған.

"Ол қатты кеп жатыр екен. 100-120-мен. Осы жерден соқты, ана жаққа қарай ұшып кеттік. Інім қатты жарақаттанды. Боқтап-боқтап «ары жүрмейсіңдер ме?» деп бізге айғайлады? Ішіп алған екеуі", - дейді жәбірленуші Мерей Ақнұрова.

Халық жиналып шу шығарған соң көп ұзамай жеткен полицейлер елмен төбелесіп жатқан екеуді көлікке отырғыза алмай әуре болған. Қызып алғандар тіпті жаншылған баланың анасына да жұдырық ала жүгірген.

Ал мас күйде жол апатын жасап бүлдіршінді мүгедек еткен екеуді полицейлер ұстағанымен біреуін еркіндікке қоя беріпті. Заң солай дейді. Қазір көлік жүргізген 39 жастағы азамат тергеліп жатыр. Ал аяғынан айырылып, өлім мен өмірдің арасында жатқан ұлдың туыстары кінәлілер оңай құтылып кете ме деп қорқады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ОҚО-да мас жүргізушінің кесірінен аяғы жұлынып кеткен бүлдіршін өлім аузында жатыр