Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда 17 жастағы қыз баланы зорлап кетті

Опубликовано:

Ақтауда 17 жастағы қыз баланы зорлады деген күдікпен 23 жастағы жігіт құрықталды деп хабарлайды NUR.KZ порталы "Ладаға" сілтеме жасап.

28 ақпан күні 37 жастағы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылының тұрғыны қызы зорланғанын айтып, тәртіп сақшыларына жүгінді. Ол Ақтау тұрғынын оқушы қызды зорлады деп айыптаған.

Факті бойынша, Ақтаудың 14 ықшамауданының 23 жастағы тұрғыны құрықталды. Қамауға алынған азамат өз кінәсін мойындамай отыр. Ол әзірге қандай да бір түсініктеме беруден бас тартуда.

Тергеу жүргізіліп жатыр. Дәл сол күні полицейлерге 21 жастағы өзге бойжеткен жүгінген. Ол танысы Ақтаудағы 4 ықшамаудандарының біріндегі пәтерде зорлағанын айтып, шағымданған.

Оның арызы бойынша, Ақтаудың 27 ықшамауданының 49 жастағы тұрғыны құрықталды. Ер кісі болған жайтқа түсініктеме беруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1060262-aqtauda-17-zhastaghy-qyz-bala-zorlandy/

pixel