Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кентал «Хочу к Меладзе» байқауынан неге шет қалғанын айтып берді

Опубликовано:

Әнші Кентал 2014 жылы өткен «Хочу к Меладзе» телевизиялық ән байқауына досы Анатолий Цоймен бірге қатысып, алайда жолы болмағанын айтты.

Әнші бұл сырын «Private с Даной Рыскельдиновой» бағдарламасында ашты деп хабарлайды Baistars.kz.

Кентал «Хочу к Меладзе» байқауының Қазақстанда өткен іріктеуінің алдында жол апатына ұшыраған. Ауруханада жатқанының төртінші күні ол іріктеуден қалмауға бел буады. Үсті-басы көгеріп, жарақат алғанына қарамастан ол іріктеуге барған.

“Мен ол сайысқа қатыстым. Қатысқан кезде алты дауыстың төртеуін жинадым. Бұл мен үшін тамаша мүмкіндік деп ойлап, жіберіп алмауға тырыстым”, — дейді әнші.

Кейін финалдың телевизиялық нұсқасы түсірілген кезде Константин Меладзе “Саған дейін әнді ешкім бұлай орындаған жоқ. Сенен кейін де бұлай ешкімнің орындай алмайтынына көзім жетеді”, - деп әншіге оң бағасын берген.

Әнші негізгі іріктеулердің барлығынан өткен соң, телевизиялық шоуға жасы және сырт келебеті сәйкес келмейтіні анықталған. Осылайша ол қатысудан шет қалған.

Ал досы Анатолий Цойдың жеңімпаз атанғанына шын жүректен қуанышты екенін айтты.

“Мен ол үшін өте қуаныштымын. Біз онымен бұл жайлы көп әңгімелестік. Ол ТМД көлемінде танымал болуды армандайтын. Қазір Анатолийдің танымалдылығына қызығып қарамайтын әртіс жоқ. Бұл нағыз ғажайып болды. Ол бұған әбден лайық», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Анатолий Цой мен Кентал «Х-Factor» телевизиялық ән байқауына дуэт болып қатысқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1060501-kental-khochu-k-meladze-bayqauynan-ne/

pixel