Выйти
RU

Ресейде ақша бермегені үшін ұлы туған анасын өртеп жіберді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейдің Свердлов обысындағы Төменгі Тагиль қаласының тұрғынына ақша бермегені үшін өзінің туған анасын өртеп жіберді деген күдік таңылды.

Бұл туралы «Вести.Ru» ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Полицейлер 23 жастағы жігітті қамауға алды. Ол өз анасының үстіне бензин құйып, күкірт шырпысын тартып қалған.

Свердлов облыстық ішкі істер басқармасының ақпарына қарағанда, қалалық аурухананың қабылдау бөлмесіне денесін 1 және 2-дәрежелі термикалық күйік шалған 52 жастағы әйел жеткізіледі. Тергеу-жедел топ мүшелері сол бойда зардап шегушінің пәтеріне барады. Сарапшылар онда ішінен бензинге ұқсас иіс шығатын, жартылай толтырылған екі литрлік пластикалық бөтелке тауып алады.

Зардап шегушінің 1992 жылы туған ұлы анасының өзіне суицид жасамақ болғанын айтты. Алайда, полицейлер соған дейін олардың араларында жанжал болғанын анықтады.

«Бұрын мүлік ұрлағаны үшін сотты болған ұлы анасынан ақша талап етеді. Ал анасы ақша беруден бас тартқан кезде ол үстіне бензин құйып, үстіне от жағып жіберген», – деді басқармадығалар.

Қазір зардап шеккен әйел жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейде ақша бермегені үшін ұлы туған анасын өртеп жіберді