Выйти
RU

Бақыт Сыздықова сайлауалды шаралардың әділетсіз өтіп жатқанын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Астана қалалық мәслихатына үміткер Бақыт Сыздықова мен Аида Жексенова сайлауалды шаралардың әділетсіз өтіп жатқанын айтып шағымданды.

Қос кандидат қалалық сайлау комиссиясы ұйымдастырған кеңеске не өздері, не сенімді өкілдерінің шақырылмағанын айтып отыр деп жазады skifnews.kz.

Айта кетейік, 26 ақпанда Конгресс-холлда қалалық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауда өзара әрекет ету мәселесі бойынша кеңес өткен болатын. Семинарға ҚР ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос, Астана қаласы сайлау комиссиясының төрағасы Игілік Жалбыров, барлық деңгейлердегі сайлау комиссияларының мүшелері, мемлекеттік органдар мен саяси партиялардың өкілдері, халықаралық бақылаушылар, депутаттыққа кандидаттардың сенімді тұлғалары және БАҚ өкілдері қатысты.

Алайда, осынау жиынның болатындығы туралы ақпарат үміткерлердің бәріне айтылмаған көрінеді.

Бұған дейін мәжілісте де, елордалық мәслихатта да депутат болған Бақыт Сыздықова өзінің  Facebook парақшасында сайлауалды шаралардың әділетті өтіп жатқанына күмәнмен қарайтынын жеткізген. Сол секілді Аида Жексенова да осы желідегі парақшасында сайлауалды тренингтер тек санаулы үміткерге ғана өткізіліп отырғанын айтады.

"Аталған кеңеске не мені, не менің сенімді өкілдерімді шақырған жоқ. Біз Бақыт Сыздықова екеуміз аталған жиынның өткенін интернеттен білдік. Неге БАҚ өкілдері осындай заңсыздықтарды жазбайды? Бір кандидаттар үшін тренинг өткізеді де, оған өзге кандидаттарды шақырмайды. Маған өз учаскемнің шекарасын әлі бекітіп берген жоқ. Өзім тұрғындармен кездесіп, проблемаларын тыңдап жүрмін", - дейді Аида Жексенова.

Естеріңізге салайық, парламент мәжілісі мен өңірлердегі мәслихат депутаттарын сайлау шарасы ағымдағы жылдың 20 наурызында өтеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бақыт Сыздықова сайлауалды шаралардың әділетсіз өтіп жатқанын айтты