Выйти
RU

Америкалық желаяқ әйгілі Усейн Болттың 100 метрдегі рекордын жаңартты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Америкалық спринтер Джастин Гэтлин Жапонияда көрнекі шоу аясында 100 метрлік қашықтықта жүгіруде ямайкалық Усэйн Болт орнатқан әлемдік рекордты жаңартты деп жазады Қазақпарат.

Бұл туралы дүйсенбі, 29 ақпанда Lenta.ru  Le Figaro-ға сілтеме жасап хабарлады.

34 жастағы спортшы 9,45 секундта қашықтықты еңсеріп үлгерді, бұл Болттың нәтижесінен 0,13 секундқа жылдамырақ. Алайда бұл жетістік ресми тіркелмейді, себебі бұған ілеспе желдің күші ықпал етті. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жеткен, ал жарыс кезінде секундына 2 метр болуы шарт.

Болт әлемдік рекордты  2009 жылғы 16 тамызда Берлинде әлем чемпионатында  орнатқан болатын.

Гэтлин -  2004 жылғы Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы. Ол допинг қолданғаны үшін ұзақ уақыт жарысқа қатысу құқығынан айырылғаннан кейін (2006 жылғы мамыр мен 2010 жыл аралығы бойынша) үлкен спортқа қайта оралды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Америкалық желаяқ әйгілі Усейн Болттың 100 метрдегі рекордын жаңартты