Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО әкімі алғыс айту күнінде тұрғындарға өзбекше билеп берді (видео)

Опубликовано:

Бүгін Шымкентте Алғыс айту күніне орай «Қазақ еліне мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара өтті. Оңтүстік Қазақстан облысы орталығындағы түрлі этнос өкілдері бас қосқан шараға аймақ басшысы Бейбіт Атамқұлов қатысты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Шара барысында Түркістан сарайы алдында түрлі мәдени орталық ұжымы өздерінің ұлттық киімдері мен тағамдарының көрмесін өткізді. Көрмені аралап көрген облыс әкімі жұртшылықты мерекемен құттықтап, тіпті жамағатпен бірге би биледі.

Икрам Хашимжанов төрағалық ететін өзбек мәдени орталығының ұжымымен бірге өзбек биіне билеген әкім үшін бұл мереке өте көңілді өткен сияқты.

Мұнан соң аймақ басшысының қатысуымен мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұалсты. Онда облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов «Біз бүгін өздеріңізбен бірге елімізде тұңғыш рет 1 наурыз Алғыс айту күнін өткізіп отырмыз. Елбасының жарлығымен қабылданған бұл атаулы күннің мәні ерекше, маңызы жоғары» деп, барша халықты мерекемен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1060726-oqo-akimi-alghys-aytu-kuninde-turghynda/

pixel