Выйти
RU

АҚШ елшілігі Қазақстаннан асырап алынған балалардың қазасына орай мәлімдеме жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы америкалық отбасы асырап алған казақстандық балалардың өліміне себеп болған трагедияны естіп, терең қайғыға бөленді.

Бұл туралы NUR.KZ-ке АҚШ елшілігінен хабарлайды.

"АҚШ халқы Қазақстанның халқымен бірге қайғыруда. АҚШ құқық қорғау органдары орын алған оқиғаның нақты мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Бұл оқиғадан соң АҚШ мемлекеттік департаменті Вашингтондағы Қазақстаннның елшілігімен хабарласқандай, АҚШ дипломатиялық миссиясы Астанадағы Сыртқы Істер Министрлігімен хабарласты. Біз, өзіміздің басқа елдерден асырап алынған балалардың әлеуметтік қорғанысын қамтудағы тәжірибемізге қатысты, АҚШ-тағы балалардың әлеуметтік қорғанысымен айналысатын қажетті органдар мен Қазақстанның ресми өкілдерінің қарым-қатынасын қамтамасыз етуді жалғастырамыз. АҚШ дипломатиялық миссиясы америкалық отбасылары асырап алған қазақстандық балалар (6600 адамнан артық) бүкіл ел ішіндегі Америкалық қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосып, бақытты жағдайда өмір сүреді деген фактіге назар аударғысы келеді", - делінген хабарламада.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
АҚШ елшілігі Қазақстаннан асырап алынған балалардың қазасына орай мәлімдеме жасады