Выйти
RU

"Ислам мемлекетінің" көсемін ойламаған жерден әйелі тастап кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ислам атын жамылған ДАИШ лаңкестік тобының көсемі Әбу Бәкір әл-Бағдади ойламаған жерден әйелінен айырылып қалды деп жазады muslim.kz.

Жазықсыз елді қан қақсатқан жауыз былтырғы жылдың қазан айында Диана Крюгер есімді неміс қызын өзіне жар еткен болатын. Кейіннен Диана ДАИШ Шариғат сотының әйелдер ісі жөніндегі басшысы болып тағайындалған еді.

Арада аз ғана уақыт өтісімен Бағдади бастаған жорықтың баянсыздығына көзі жетті ме екен, Диана Крюгер одан іргесін аулақ салуды жөн санапты. Ирактағы ДАИШ лагерінен Крюгермен бірге оның екі қызметшісі қашып кеткен.

Қазіргі уақытта Бағдадидың қашқан әйелін  «қайтару» операциясына ДАИШ таңдаулы әскері жұмылдырылған көрінеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ислам мемлекетінің" көсемін ойламаған жерден әйелі тастап кетті