Выйти
RU

Оңтүстік Қазақстанда тегін таратылған киім аудан тұрғындарын қуантып тастады (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының әкімшілігі алғаш рет тойланып отырған Алғыс айту күнінде жергілікті тұрғындарға ерекше сыйлық тарту етті. Бұл шараны аудандық Жастар орталығының ұжымы өткізді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Қайырымдылық шараға аудан әкімдігі мен кәсіпкерлер тарапы қолдау көрсеткен. Нәтижесінде тұрғындарға киімдер тегін таратылды.

«Бәрі де рахмет үшін» деген тақырыппен өткен мерекеде кез келген тұрғын аудандық мәдениет үйінің фойесінде тұрған киімнің ұнағанын барып алу мүмкіндігіне ие болды.

Осындай игі бастаманың шарапатын көрген жергілікті тұрғын Ж. Дәулетова қайырымдылық бастаманы ұйымдастырушыларға өз алғысын жеткізіп, бұған дейін мұндай игі бастаманы көрмегенін жасыра алмады.

Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған шара барысында аудан әкімі Мақсат Исаев барша тұрғындарды тұңғыш рет өткізіліп отырған Алғыс айту күнімен құттықтап, мұқтаж жандарға әкімдік тарапынан қашанда көмек болатынын уәде етті.

Айта кету керек, Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы Созақ ауданына қарасты 12 ауыл әкімшілігінің барлығында өтті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оңтүстік Қазақстанда тегін таратылған киім аудан тұрғындарын қуантып тастады (фото)