Выйти
RU

ОҚО-ның бұрынғы бас мұғалімі төсі ашық көйлегі үшін сынның астында қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы Альбина Елшиева виртуалды достарын Алғыс айту күнімен құттықтаймын деп сынға ұшырады деп хабарлайды Корреспондент басылымы.

Ол 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «фэйсбук» әлеуметтік желісінде жұртшылыққа рахметін жеткізіп, тіпті өзінің фотосуретін жариялаған болатын.

«1 наурыз - Алғыс айту күні! ФБ-да төрт мыңға жуық достарым бар, Сіздерге достық ұсынғандарыңызға Раxмет! Посттарыма лайк басасыздар, оған да Раxмет! Ішіндегі ұстаздарға бөлек Раxмет! Еңбектеріңіз бағаланып, жана берсін! РАХМЕТ!» деп ризашылығын білдірді Альбина Елшиева. Алайда оның бұл құттықтауына сын айтқандар  табылды. Жарияланған фото көпшіліктің көңілінен шықпады. Себебі онда экс-басшының төсі жартылай көрініп тұр.

Бұны көрген желі қолданушылары «Альбина апай, что за платье с выразом құрысын жаман көрінеді. Уберите эту фотку», «..Сіздің де еңбегіңіз жана берсін. Тек Альбина ханым, сөзіңіз әдемі, көйлегіңіз көркіңізді құртып тұр», «Масқара», «Қара көйлектен "сығалаған" абырой! Рахмет сізге!» деген пікірлер қалдырған. Енді бірі «Сіз ұстаз деген ұлыларды бас тап тұрып, көкірегіңізді ашып суретке түскеннен кейін өзгелелерге бірнəрсе айтудың өзі артық шығар. Ұят! Мұхтархандай батырымыздың жары деп айту да ұят!» деп өз ойын білдірген.

Айта кетейік, Альбина Елшиева Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің екінші әйелі. Ол Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасына 2011 жылдың тамызында басшы болып тағайындалған. Өткен аптада ресми түрде қызметінен кетті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ОҚО-ның бұрынғы бас мұғалімі төсі ашық көйлегі үшін сынның астында қалды