Выйти
RU

Алматыда балалар киіміне GPS навигаторлар қоса тігілетін болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда GPS-навигаторлар қоса тігілген балалар киімі шығарылады деп жазады Хабар арнасының ресми сайты.

Онда нысана анықтауыштар, техника тілімен айтқанда GPS-навигаторлар қоса тігілген балалар киімі шығарылады. Бұл – ойын баласының қай жерде жүргенін ата-анасының біліп отыруы үшін таптырмас құрал.

ҚР ІІМ деректері бойынша жыл сайын Қазақстанда әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтағы 500-ден астам адамның із-түзсіз жоғалуы туралы деректер тіркеледі. Оның ішінде балалар да бар.

Мұндай жағдайлардың арты кейде қайғылы оқиғамен аяқталатыны да жасырын емес. Сондықтан баланың қайда жүргенін біліп отыру үшін Еңбекші қазақ ауданы, Есік қаласындағы шағын тігін цехын ашқан жандар сырт киімге нысана анықтауышты қоюды ұйғарыпты.

«Бұл ең алдымен сақтық шарасы», – дейді олар.

"Ақпарат құралдарынан балалардың жоғалуы туралы неше түрлі ақпарат алып жатырмыз. Сол мәселені қайтып шешсе болады деген бізге ой келді. Бұл күртешенің арнайы қалтасы бар. Соның ішіне GPS-навигаторды саламыз. Осыдан кейін сіз өзіңіздің балаңыз қайда екенін әрқашан біліп жүре аласыз", - дейді  өндіріс цехының басшысы Жандос Қасенов.

Өңірде жеңіл өнеркәсіп саласының дамуына айтулы үлес қосып отырған кәсіпорында қазір 15 адам еңбек етеді. Шағын тігін цехында айына 2 мың дана киім үлгілерін тігеді.

"Балаларға кигізгенде көшеде қай жерде жүр, қалай болып жатыр, бәрі көрсетіліп тұрады. Сондықтан ыңғайлы", - дейді тігінші  Баян Ойнарова.

Инновация игілігіне жүгінген кәсіпкерлер нысана анықтауышты қолданудың оңай екенін айтады. Бәрі ұялы телефон, яғни смартфонның жадына енгізілген. Баланың киіміне салынған навигатордан нысанның қай жерде жүргені туралы нақты ақпарат беріледі. Жалпы нысана анықтауышты басқа да мақсаттарда қолдануға әбден болады. Бірақ ойын баласын әрдайым бақылап отыру жұмысбасты ата-ана үшін аса маңызды болып отыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда балалар киіміне GPS навигаторлар қоса тігілетін болды