Выйти
RU

Саунада жанжал шығарған Атырау тұрғыны жазықсыз тұрғынды басып өлтірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау қалалық №2 соты азамат С.Б.-ны қамауға алуға санкция берді. Ол мас күйде кісі басып өлтірді деп хабарлайды Ақ жайық басылымы.

Бәрі С.Б. туыстарымен бірге саунаға келген кезден басталған. Сол жерде ол едәуір ішіп, сауна қызметін төлеуден бас тартып, сауна қызметкерлерін балағаттайды. Содан кейін көлігіне отырып, көлігін артқа қарай жүргізген кезде көлік туысын жанап кетеді.

Әбден құтырынған ол көлігімен аулада тұрған мекеме қызметкерлері мен саунаға келушілерге қарай жүреді. Нәтижесінде жанжалқор олардың бірін қағып, көлігімен үстінен басып өтіп, содан кейін оқиға орнынан ғайып болады.

Зардап шегуші алынған ауыр дене жарақатынан көз жұмды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, С.Б.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-тармағы ("Жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Саунада жанжал шығарған Атырау тұрғыны жазықсыз тұрғынды басып өлтірді