RU
Ақтөбелік келіншек жыныстық қызмет көрсету үшін Сирияға кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік келіншек жыныстық қызмет көрсету үшін Сирияға кеткен

Рассказать Вконтакте

Журналистер алдында есеп берген Мұғалжар ауданының әкімі Серік Шаңғұтов діни ахуалдың тұрақты екенін атап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақтөбелік келіншек жыныстық қызмет көрсету үшін Сирияға кеткен

«Бізде қазір басқа дін ағымында жүрген 270 адам бар. Бұл сан осыған дейін 280 болатын. Түсіндірілу жұмыстары жүргізіліп жатыр, жағдай тұрақты. Өткен жылдың мамыр айында кеткен келіншектің отбасымен сөйлесіп отырмыз», - дейді Мұғалжар ауданының әкімі Серік Шаңғұтов.

Ақтөбеде Сириядағы ұрыста жүрген азаматтарға жыныстық қызмет көрсетуге аттанған келіншек осы Мұғалжар ауданынан болатын.

Аудан әкімі Серік Тілеулесұлы халықтың тұрмысы жақсы екенін атап кетті. 67 мыңнан аса тұрғыны бар ауылда әрбір төртінші адамның машинасы бар. Ал, аудандағы оқушылары өкпе ауруына жиі шалдығатын мектепке жақын арада жөндеу жасалмақ.

Сонымен қатар, аудан әкімі қарамағындағы әкімшілік қызметкерінің сіңілісіне «сыйлық алып бермедің» деп айқай шығарған Еңбек ауылының әкімінің мәселесін қарап жатқанын атап кетті.

«Бұл жағдай БАҚ-ның бетінде жарық көргеннен кейін біз бірден бақылауымызға алдық, әкімнің өзімен де сөйлестім. Әкімшілік аппаратынан үш адамнан құралған арнайы комиссия жағдайды анықтап жатыр»,- деді аудан әкімі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
810
322
38
38
0
43
200
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel