RU

Қазақстандық шенеуніктерге жұмыс орнында смартфон қолдануына тыйым салынады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда сәуірдің басында мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс орнында смартфондар пайдалануына тыйым салу күшіне енеді деп хабарлады Қазақстан жаңалықтарына Астанадағы орталық мемлекеттік органдардағы бірнеше қызметкер.

"Мемлекеттік органдардың барлық қызметкерлері кіре берісте планшеттерін, ұялы телефондарын тапсыруға міндеттеледі. Фото, видео- және аудиожазба жасай алатын, жадтық микрокарталар салатын, компьютерге және интернетке қосыла алатын кез-келген техникаға тыйым салынады", — деді агенттікке хабарлаушылардың бірі.

Болжам бойынша, бұл шешім құпия ақпараттың мысалы WhatsApp және басқа да интернет-мессенджерлер арқылы тарап кетуіне жол бермеу мақсатында қабылданған.

"Қазірдің өзінде барлық әріптестер жұмыс орнында негізгі байланыс құралы болатын "бастырмалы" телефондарды сатып алуда және оны қалай пайдаланғандарын естеріне түсіріп жатыр", — деді шенеуніктердің бірі.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандық шенеуніктерге жұмыс орнында смартфон қолдануына тыйым салынады
Mailfire view pixel