RU
Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысының әкімі болды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысының әкімі болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысының әкімі болды

"Алтай Сейдірұлы Көлгінов Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.

Еске сала кетсек, осыған дейін өңірді басқарып келген Нұрлан Ноғаев Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.

Алтай Көлгінов А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен.

2001-2008 жылдары Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әртүрлі лауазымда қызмет атқарады. 2008-2010 жылдары — «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының орынбасары. 2010-2012 жылдары президент Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды. 2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

2013 жылдың 4 сәуірінен осы күнге дейін Орал қаласының әкімі қызметін атқарды.

Сіздің реакцияңыз
16
74
2
2
0
59
32
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel