Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ринат Зайытов әлеуметтік желіге қатысты ащы шындықтың бетін ашты

Опубликовано:

Белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов "Кешкі қонақ" бағдарламасына келіп, көкейкесті мәселелерді көтерді. Ақын қазіргі заманның келбеті жайлы сөз қозғай отырып, әлеуметтік желі жайлы пікірін ортаға салды.

"Біріншіден, әлеуметтік желі деген өзіңнің мойныңды кендір жіппен байлап, біреудің қолына ұстатып қоюмен бірдей. Мен тіпті үйдегі адамдарға айтпаймын, қайда жүріп, қайда кетіп бара жатқанымды. Қазір біреуден сұрасаң, анау ана жерде тамақ ішіп отыр, анау бүйтіп отыр, сүйтіп отыр дейді. Демек, бұл біреудің назарында болу, Алладан басқа", - деп кесіп айтты Зайытов.

"Кейін бұл адам баласына қажет емес "менің бәленбай тыңдарманым бар", "менің бәленбай досым бар", "мені бәленбай адам оқиды екен" деген қайдағы жоқ, ешқандай мәні, мағынасы жоқ бір жаққа адамдарды жетелеп жатыр", - деп күйінеді ақын.

Ринат Зайытов әлеуметтік желідегі танымалдылық адамдарды еріксіз ерсі әдептерге жетелейтінін де алға тартты.

"Соған жету үшін адамдар жалаңаштанады, шешінеді, біреу өліп жатса суретке түсіреді. Қоғам бұзылды деген осы. Бізде біреу құлап жатса, қол берудің орнына, телефонға барып түсіреді. Себебі оның мақсаты: ана адамдар неғұрлым көп лайк басса болды. Қыз бен жігіт отырады кафеде, бір-бірімен сөйлеспейді, телефон шұқылайды", - деп бүгінгі заманның шындығын бүкпесіз айтты.

Айтыскердің пікірінше, бұл құбылыс - қарапайым адамдарды араласуынан ажырату, бауырмалдылықты суытудың бірден-бір белгісі. Бір-біріне деген жанашырлықты жоюдың бастамасы. Ең болмаса адамның ынтасын басқа жаққа бұру.

Алайда, ақынның жан жары Зүлфия Зайытова Instagram желісінде жаңалықтарымен бөлісіп отыруды жат санамайтын көрінеді. Жолдасының суреттерін де әркез жүктеуді ұмыт қалдырмайды.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан бұрын біз Ринат Зайытовтың шашын бояп, сырға таққан жігіттерден жиіркенетінін жазған болатынбыз.

Сіз кімнің ұрпағы екеніңізді біле отырыңыз: Тест NUR.KZ: Сіз кімнің ұрпағысыз?

Ал кейіннен Дана Нұржігіт "91" тобын аяусыз сынаған Ринаттан Ерболат Беделханды әлдеқайда жоғары бағалайтынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1088148-rinat-zayytov-aleumettik-zhelige-qaty/

pixel