RU
Бердібек Сапарбаев діни мемлекетте тұруды армандайтындарға өз жауабын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Бердібек Сапарбаев діни мемлекетте тұруды армандайтындарға өз жауабын айтты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде қоғам қайраткері жүргізген сауалнамада студенттердің діни мемлекетте тұруды армандайтыны анықталған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бердібек Сапарбаев діни мемлекетте тұруды армандайтындарға өз жауабын айтты

Қоғам қайраткері Амангелді Айталы студенттердің діни көзқарасын анықтау мақсатында  сауалнама жүргізген. Оның ішінде діни мемлекетте тұрғысы келетінін айтқан студенттер аз болмаған.

Сапарбаевтың журналистермен кездесуінде бұл сұрақ та көтерілді.

«Бұл үрей емес пе? Сіз келгелі бұл бағытта қандай жұмыстар қолға алдыңыз?»,- деп сұрады ақтөбелік журналистер.

«Бұл туралы нақты айта алмаймын, меніңше, сауалнаманы көбірек жүргізу керек. Біз халықты не толғандыратынын біліп отыруымыз керек. Халықтың қандай сұрақтары шешілмеген, халық қандай мәселелер бойынша билікке наразы? Діни мемлекетте тұрамын деп армандайтындардың өздері кінәлі емес деп ойлаймын. Біріншіден, олардың ата-анасы кінәлі. Екінішіден, олардың білім алатын оқу орны кінәлі. Олар дұрыс бағыт, тәрбие бермейді. Қазақта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген бар.  Сондықтан біз бұл жөнінде жұмыс істеп жатырмыз», - деді облыс әкімі.

Бердібек Машбекұлы Шұбарши оқиғасын ақтөбеліктердің есіне тағы да салды.

«Бір емес, бірнеше рет айтқанбыз. 2011 жыл біздің әлі есімізде. Аталған оқиға қайталанбау үшін бәрін істейміз! Қазіргі таңда бізде шетелде алты бала оқиды. Олармен жұмыс жүріп жатыр. Кейбірі дұрыс жоғары оқу орынында білім алуда. Біз шетелге барып оқудың керегі жоқ екендігін түсіндіруіміз керек. Қазір тоқсаныншы жыл емес. Ондай оқуды қазір Қазақстанда да оқуға болады», - дейді Сапарбаев.

Облыс басшысы қару асынып, шетелге кеткендердің жағдайы мәз емес екенін атады.

«Қазақта үлкен мақал бар: «Біреудің елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген. Бұл сөзде үлкен  мағына бар. Анау Сирияда, Ауғанстанда, Иранда сендерді ешкім күтіп тұрған жоқ. Мынау Қазақстаннан келе жатыр екен, ертең солардың бәрінің үстіне алтын үйіп қоямыз демейді. Бізде мәлімет бар. Ол жерде өмір сүріп жатқан қазақстандықтардың жағдайы қалай екенін біз білеміз. Олар елге қайта алмай жүр. Сондықтан ең үлкен жұмыс - үгіт-насихат, тәрбие. Сол кезде ғана көп нәрсені өзгертеміз деп ойлаймын», - деді Бердібек Сапарбаев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
29
57
6
12
0
238
52
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel