RU
Арулардың арманына айналған қазақстандық жігіт планетаның ең ақылды адамдары клубына енді

Арулардың арманына айналған қазақстандық жігіт планетаның ең ақылды адамдары клубына енді

Рассказать Вконтакте

Талай арудың арманына айналған қалталы бойдақ жігіт Димаш Әділет Мensa International ұйымынан шақырту алды. Менса - интеллектінің жоғары көрсеткішіне (IQ) жеткен адамдарға арналған ең ірі ұйым. Бұл туралы Димаш өз Instagram парақшасында жариялаған.

"Шамамен бір ай бұрын мен алғаш IQ-тест тапсырып көруге бел будым. Жақында нәтижесі шықты, 99-шы процентильден (топ 1%-дан жоғары) асқанымды қуанышпен хабарлаймын, мені Мensa International ұйымына кіруге шақырды. Менса - интеллектінің жоғары көрсеткішіне (IQ) жеткен адамдарға арналған ең көне әрі ірі ұйым", - деп түсіндірді Димаш.

Димаштың айтуынша, бұл IQ-тестті тапсыру кезінде қойылатын жалғыз талап - бақылаушының көзінше тапсыру және 98% Жер шарының тұрғындарынан (98-ші процентиль) жоғарырақ көрсеткішке жету.

Менса адам интеллектісін дамытып, ұйым мүшелеріне даму ортасын қалыптастыруды көздейді.

"Маған бас кеңседен Mensa International ұйымында әзірге өзге қазақстандықтар жоқтығын мәлімдеді. Мен еліміздің имиджіне осы ұйымда үлес қосып, адам интеллектісін дамытуға қолдау көрсететініме қуаныштымын", - деп жазған Димаш.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel