RU
Қазақ қыздарына өзге ұлт өкілдеріне күйеуге шығуға тыйым салуды ұсынды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақ қыздарына өзге ұлт өкілдеріне күйеуге шығуға тыйым салуды ұсынды

Рассказать Вконтакте

Қазақ қыздарын тегін жоғары біліммен қамтамасыз етіп, тек  қазақтың жігіттеріне тұрмысқа шығуларына рұқсат ету керек. «Жас  Қырандар» жастар  қанаты кезекті бас қосуын "Қазақ қызының арын қалай сақтап қаламыз?" деген тақырыпқа арнады. Бұл туралы Қамшы басылымы жазады.

"Арсыздықпен күресті одан әрі тегеурінді түрде жалғастыра беру керек. Бір сәтке тоқтамау керек. Тоқтасақ құримыз. Идеологиялық жұмыстардың нашарлығынан жастарымыздың рухани азғындауы шарықтау шегіне жетіп тұр. Дәл екі мың жылдық тарихы бар, қазақ елінде бүгінгідей тәнін сатып қарабет болу болған емес", - дейді ұйым белсенділері.

"Қазақ қыздарының жезөкшелігі ұлтқа қара таңба болды. Бір миллиард халқы бар үнді елінің ең танымал блогері Шахкар Абиди атты журналисі әлемдік секс - индустрияның отаны - Қазақстан, ал астанасы-Алматы қаласы деп жар салды. Ол Америка Құрама штаттары  дипмиссиясының 2012 жылдың қорытындысына арналған есебіндегі Қазақстан Республикасын әйелдер және жасөспірім қыздардың секс-трафигінің бастаушысы және транзиттік орталығы ретінде көрсетті деп жазды. Бұдан артық қандай клеймо керек бізге. Дәл осы жағдайда   байлық неге керек, барлық неге керек. Ашығын айтсам осы қалыптасқан жағдай бізді алаңдатып отыр. Осы азғындауды тоқтатпасақ, күлкімізді жия алмай қаламыз. Логикаға салсақ секс-туризм, жезөкшелік, адамдардың азғындауы экономикасы өте нашар, намысы тапталған, ар-ұяты аз елде ғана орын алады емес пе? Біздің мемлекеттік ән-ұранымызда. «Намысын бермеген қазағым мықты ғой» деген қанатты сөздер жазылған. Сөзсіз қазақ әйелдері мен қыздарының ар-ұятты аяққа таптап, арсыздықтың батпағына батулары ұлттық қазақи намысымызға ауыр соққы болып тұр", - деген "жасқанатшылар" қазақ қызының арын сақтап қалудың жолдарын да көрсетіп кеткен:

Біріншіден: Барлық қазақ қыздары тегін білім алулары керек. Жоғарғы оқу орындарындағы ақылы оқытуды тоқтату қажет.

Екіншіден: «сексхана» және «бордель» болып кеткен сансыз «сауна», «хауыз», «хамамдарды» «түнгі  жын-ойнақтарды», «гей, гейша клубтарды», «қонақ  үйлерді» жабу керек.

Үшіншіден: қазақтың қыздары тек қазақтың жігіттеріне тұрмысқа шығулары керек.

Төртіншіден: лас туризмді елімізге кіргізбеу керек.

Бесіншіден: идеологияға және жастар тәрбиесін жете көңіл бөлу.

Алтыншыдан: идеология саласында телевидение, радио, интернет салаларын қатты қадағалап, ұлттық рухымызға зиян тидірмейтін өнімдерді ғана көрсету керек.

Жетіншіден: осы жұмыстарға арналған «Ұлы  Дала Қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік қозғалысы дайындаған «25» -атты маңызды бағдарламаны үкіметтік деңгейде қабылдап, ұлттың «Ар ождан» мәселесін басты назарда ұстау қажет. Бұл азаматтық ұстаным болып саналады.

Сіздің реакцияңыз
45
63
10
7
0
447
56
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel